
28 мамырда жаңа Салық кодексін түсіндіру шаралары аясында Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина Ақмола облысының адвокаттар алқасы үшін адвокаттық салық салу мәселелері бойынша Zoom онлайн семинарын өткізді.
Іс-шара барысында ол салық заңнамасындағы өзгерістерді, атап айтқанда, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктерін, адвокаттың салық салынатын табысына шегерімдерді қолданудың негіздері мен тәртібін, сондай-ақ декларацияларды тапсыру және салықтар мен әлеуметтік төлемдерді қалай есептеледі түсіндірді.
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде – дейді өз сөзінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина.
«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.
Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.
Зум-семинар барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.




























