
2026 жылғы 29 мамыр күні «Заң және тәртіп» идеологиясы шеңберінде Көкшетау қаласының «Kokshetau Mall» сауда-орталығында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Акция барысында Ақмола облысының Прокуратурасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Әділет департаментінің және құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік органдар өкілдері, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен заң консультанттары тартылды.
Акция барысында барлық азаматтарға қызықтырған сұрақтары бойынша түсініктемелер мен егжей-тегжейлі жауап берілді.




























