
Бүгін, 19 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында облыстың ауылдық округтерінің есепшілеріне дәріс өткізілді
Департаменттің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді, оның ішінде жеке табыс және әлеуметтік салықтарға, көлік салықтарына және басқа да жаңалықтарға енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетуді көздейді. Өткізілетін есеп түрлері азайып, цифрлы сервистер енгізілді. Бұл ашық және тиімді жұмыс істеу арқылы кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды. «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек. Акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады. Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. Наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет - сейсенбі, бейсенбі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Акция аясында консультацияларды кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтуде.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.




























