
Ағымдағы жылдың 23 маусымында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Халық бухгалтері» акциясына қатысушыларға Кәсіпкерлерді қолдау орталығының өкілдері Ризагүл Галадий мен Ризагүл Соғымбаева Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 5 қаңтардан 30 маусымға дейін «Халық бухгалтері» республикалық акциясын өткізді.
«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.
Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілді.
Шара барысында 840-тан астам кәсіпкер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, ақпараттық жүйелер бойынша нақты және практикалық түсіндірмелер алды.
Акция халықтың қаржылық және сауаттылығын арттыруда, азаматтармен ашық диалог мәдениетін нығайтуда және салық міндеттемелерін адал орындау қағадиттарын дамытуда аса маныхды рөл атқарды.




























