
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау саласындағы қолданыстағы реттеу құралдарын қайта қарау мәселесі бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізеді.
Жария талқылау 2026 жылғы 30 маусымда сағат 10:30-да өтеді.
Жария тыңдауларға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Жария тыңдауларға қатысуға өтінімдер t.smankulov@kgd.gov.kz электрондық поштасына өтініш жолдау арқылы қабылданады.




























