
2026 жылғы 26 маусымда Петропавл қаласында Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті.
Жарысқа бес команда қатысты:
* Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (орталық аппарат);
* Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
* Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
* Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
* Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Ашылу салтанатты рәсіміне өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары және мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Бауыржан Құлжанов қатысты.
Би ансамблінің өнері қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлады.
Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және киберспорт түрлері бойынша өздерінің спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Шағын футбол бойынша:
* 1-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;
* 2-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;
* 3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.
Волейбол бойынша:
* 1-орын – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;
Сонымен қатар, Ақмола командасы «Үздік шабуылшы» номинациясында - Нұрсұлтан Өмірзақ. «Үздік ойыншы» - Сергей Рудь, «Үздік байланыстырушы» - Қайрат Исимбаев марапатталды.
* 2-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;
* 3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.
Шахмат бойынша:
* 1-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;
* 2-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;
* 3-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.
Dota киберспорты бойынша:
* 1-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;
* 2-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;
* 3-орын – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.
Үстел теннисі бойынша:
* 1-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;
* 2-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;
* 3-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.
Спартакиаданың барлық қатысушылары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Жарыстар спорттың, достықтың және бірліктің нағыз мерекесіне айналып, қатысушыларға жарқын әсерлер, жаңа жетістіктер мен лайықты жеңістер сыйлады.




























