
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына Өндірістік емес төлемдер басқармасы өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Әлібек Ашуовтың шығарып салу рәсімі өтті.
Әлібек Зикенұлы салық органдарында өз қызметін 1990 жылы Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының инспекторы болып бастады.
Оның қызметтік тізіміне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық полициясы органдарында қызмет ету, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары және басқа да басшылық лауазымдар кіреді.
Салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды. Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге көрсетіп келді.
Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін «Қаржы қызметінің үздігі», «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгілермен және Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Дәстүр бойынша Әлібек Зикенұлына шапан мен естелік сыйлық табыс етілді.
Құрметті Әлібек Зикенұлы!
Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!
Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің ұжымы




























