Date of publication: 03.07.2026 09:57
Date of changing: 03.07.2026 09:59

«Көкшетау-Бүгін» газетінің бас редакторы Олеся Жагпарова мемлекеттік кірістер органдарының қызметін белсенді түрде жариялағаны үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Құрметті Олеся Дмитриевна!

Сізді БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отандық журналистер азаматтық қоғамды дамытуда және ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Бұл – еліміздегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауға елеулі үлес қосатын маңызды институт.

Бүгінде БАҚ өкілдері ең үздік кәсіби дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын лайықты түрде қолдап, өздерінің миссиясын абыроймен орындап келеді.

ҚР Қаржы министрлігімен тығыз ынтымақтастықта болғаныңыз, сондай-ақ қоғамды объективті және сенімді ақпаратпен қамтамасыз еткеніңіз үшін сізге алғысымызды білдіреміз!

Ұлтымыздың жарқын болашағы үшін маңызды жұмысыңызда табыстар тілейміз!

Құрметпен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Тәкиев