Date of publication: 13.07.2026 18:50
Date of changing: 13.07.2026 18:50

 Кәсіпкерлердің назарына!
2026 жылдан бастап бақылау-касса машиналарының (БКМ) чектеріне қойылатын талаптар өзгерді.
Енді әрбір чекте міндетті түрде:
Тауарлар кодтарының номенклатурасына (ТКН) сәйкес тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы;
ТКН бойынша тауардың сәйкестендіру коды;
Міндетті таңбалауға жататын тауарлар үшін сәйкестендіру құралдары көрсетілуі тиіс.
Шағын бизнес үшін жақсы жаңалық!
ТКН енгізілуінің арқасында тауар атауларын көрсету рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Енді кәсіпкерлерге тауар атауларын қолмен енгізудің қажеті жоқ. БКМ қолдану кезінде тауардың штрих-кодын сканерлеу жеткілікті, ал барлық ақпарат фискалдық деректер операторларының сервистері арқылы мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі.
Назар аударыңыз!
Жаңа техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және жаңа үлгідегі чектерді қалыптастыра алмайтын БКМ үлгілері Мемлекеттік тізілімнен шығарылады.
 Сондықтан кассалық жабдықтарыңызды алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда жаңартуды ұсынамыз.
Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін чектерді беру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.