Date of publication: 15.07.2026 18:52
Date of changing: 15.07.2026 18:54

15 шілдеде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және аумақтық басқармалар қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің өкілдері Жазира Сейтмағанбетова, Диана Қобыланова қатысуларымен семинар өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Қызметкерлер мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбек құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша ақпарат алды.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндірді.

Семинарда қызметшілер толғандырған сұрақтары бойынша тиісті түсініктемелер алды.

Аталған жұмыс мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.