
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - ҚР ҚМ) Қаржы қызметкерлері күніне орай Астана қаласында "FINANCE CHESS CUP 2026" республикалық шахмат турнирін өткізуді жоспарлады, оған ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты органдары қатысады.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 11 тамызда Көкшетау қаласында, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, «Kokshe Arena» спорт кешенінің алаңында ҚР ҚМ органдарының қызметкерлері арасында шахматтан іріктеу туры өтті.
Дода нәтижесінде бірінші орынды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, екінші орынды Қазынашылық департаменті, үшінші орынды – Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жарыстың келесі кезеңдерінде жеңістер тілейміз!




























