Date of publication: 13.05.2015 15:30
Date of changing: 13.05.2015 15:32

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеулер қызметінің көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша Басқармасына белгісіз тұлғалар Көкшетау қаласының аймағында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.  

Солтүстік өнеркәсіптік аймақ аумағында орналасқан қоймалық үй-жайларының зерттеуін жүргізу барысында алкогольдің айрықша иісі бар пластиктан жасалған,  бес литрлік бір мың 188  (5940 литр) бөтелке, бес литрлік пластиктік бөтелкелерге оранған 143 дана жапқыш, бес литрлік бөтелкелерге арналған тұтқа 85 дана, сұйықтықты айдайтын сорғы, пайдаланылмаған бос бес литрлік пластиктік бөтелкелердің 27 данасы табылып тәркіленді.

Дәл сол күні «Казавтомотолюбитель» кооперативінің гараждарын зерттеу барысында алкогольдің айрықша иісі бар пластиктан жасалған,  бес литрлік 58 бөтелке (290 литр) табылды және тәркіленді.

Осылайша, белгісіз тұлғалардың әрекеттерінде едәуір мөлшердегі акцизді тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен немесе өткізумен байланысы бар, рұқсат міндетті түрде болуы тиіс жағдайларда  яғни, ҚР ҚК 1б. 214б. қарастырылған қылмыс арнайы рұқсаты (лицензиясы) жоқ кәсіпкерлік іс жүргізу белгілері қарастырылады.

Қосымша тергеу шаралары жүргізілуде.