
Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірстер басқармасымен және аумақтық әкімшілік полиция бөлімшелерімен және сот орындаушыларымен бірлесе көлік салығы бойынша қарызы бар көлік құралдарының иелерін анықтауда рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін заңмен көлік құралы салығын төлеу мерзімі белгіленгендігін ескертеді.
Жыл басында көлік құралы салығын өткен жылдары төлемеген тұлғалардың тізімі жасалады және салық заңнамасын бұзушылықты жою жөніндегі хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік кірістер органдарының заңды талаптарын орындамағаны үшін заңнамамен сегіз айлық есептік көрсеткіште, 15 мың 856 теңге сомада айыппұл белгіленген.
Ал салық міндеттемелерін орындамаған жеке тұлғаларға қатысты материал сот органына сот бұйрығын шығару үшін жөнелтіледі.
Егерде борышкер салықтан әрі қарай жалтырта берсе онда салық төленбеген автомобильге пайдалану үшін тыйым салынуы, сондай-ақ оны тоқтату және айппұл тұрағына қоюы ықтимал. Яғни, автокөлік құралды басқару тек белгіленген салықтық міндетемменің иесімен төленгендде ғана мүмкіндік болады.