Date of publication: 31.05.2017 11:37
Date of changing: 31.05.2017 11:39

         Зеренді ауданының Қызыл таң аулының қамқорлы мектеп окушылардың кәсіптік таңдау процесін  қолдау және жұмыс пен оқуға адал көзқарасын дамыту мақсатында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері сапармен барды.

 

         Мектеп әкімшілігінің өтініші бойынша «Болашақ» Президенттік стипендиясының түлегі Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Төлеген Әбдіреев балаларға өзінің  Ұлыбританияның Ноттингем университетіндегі оку жылдарын және «Болашақ» бағдарлама арқылы әлемнің ең үздік шетелдік оқу орындарына түсу тәртіптері туралы әңгімеледі.

         Содан кейін Департаменттің құқық қорғау блоғының жұмыстары, негізгі міндеттері, функциялары туралы экономикалық тергеу қызметінің бас маманы Ерлан Рахимжанов баяндады.

         Шара барысында слайд материалдар мен бейне роликтар көрсетілді.