
Көкшетау қаласында 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шеру өткізілді. Шерудің басты мақсаты - балалар және жастардың өнерін қолдау және дамыту, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру және рухани, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде жүзеге асыру болып табылады.
Аталмыш шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің балалары қатысты.