Date of publication: 02.06.2017 18:48
Date of changing: 02.06.2017 18:50
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын, ірі деклараннтардың шақырылуымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық шығындарын қысқарту және кедендік операцияларды жеңілдетуге бағытталған ұсынылған концептуалдық көзғарасты талқылау және түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» жиналысы өткізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің жаңа редакциядағы жобасымен Қазақстан Республикасының  мүделлі мемлекеттік органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жұмыс жасалуы туралы хабарлаймыз.
Жобаның жаңа енгізуінің бірі декларантпен ұсынылған құжаттар және мәліметтер негізінде кедендік декларацияны мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасымен ақысыз (тегін) негізде техникалық толтыруы мүмкіндігін белгілеу болып табылады, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпте сыртқы экономикалық қызметінің номенклатурасы, шығу елі және кедендік құны және төленуге жататын кедендік баждар, салықтарды есептеуді жүргізу, көрсетілген бақылау критерилары бойынша тауарларға арналған декларацияларға қатысты кедендік тазарту және кедендік бақылау жүргізілгендей көрсетілген лауазымды тұлғаға міндет жүктеледі.
Бұл ретте Жобада көрсетілген нормасын жүзеге асыру үшін, жауапкершіліктің өту бөлігінде келесі концептуалдық қөзғарас қарастырылады
1) лауазымды тұлғамен бақылау критериялары бойынша мәліметтер бөлігінде жасалған кедендік декларациядағы мәліметтермен декларант келіскен жағдайда, кедендік декларациядағы мәлімделген мәліметтерді  декларанттың және органның лауазымды тұлғаның электронды-цифрлық қолдарымен растау жолымен құқықтық зардабы және дұрыстығының жауапкершілігі көрсетілген лауазымды тұлғаға жүктеледі.
2) лауазымды тұлғамен бақылау критериялары бойынша мәліметтер бөлігінде жасалған кедендік декларациядағы мәліметтермен декларант келіспеген жағдайда, мәлімделген кедендік декларацияның мазмұнында осындай жағдайды немесе өзге кедендік құжатта белгілеу және декларанттың электронды-цифрлық қолдарымен растау жолымен құқықтық зардабы және дұрыстығының жауапкершілігі декларантқа жүктеледі.