Date of publication: 07.06.2017 17:08
Date of changing: 07.06.2017 17:10
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ЗРК Заңына сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап дара кәсіпкерлерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстап қалу және төлеу міндеттері, сонымен қатар осы міндеттемелерді тиісті салықтық есеп нысандарында көрсету мәселесі туындайды.
ҚР ҚМ 2017 ж. 14 сәуіріндегі №250 Бұйрығымен ҚР ҚМ 2014ж. 25 желтоқсанындағы «Салықтық есеп нысандарын және оны толтыру ережелерін бекіту туралы» Бұйырығына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, сонымен 2017 жылға 200.00  мен 910.00 нысандары және оны толтыру ережелері бекітілді.
Сонымен қатар, берілген  200.00  мен 910.00 нысандарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылым туралы мәліметтер 2017 жылдын 1 шілдесінен толтыру орнатылған. 
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер тиісінше;
өзіне МӘМС жарнасын төлеп, яғни, оларды 911.00 салықтық есептілік нысанында көрсетеді (патенттің есеп бағасы);
жеке тұлғамен азаматты-құқықтық түрі келісімшартын жасаған жағдайда, осындай жеке тұлғаның табысынан (бір айлық табыс мөлшерінде аударымдар мен жарналарды есептеуге алынған, Занның 29-бабының 6 тармағында белгіленген -15 рет еселенген ең төменгі бір жалақы мөлшерінен аспайтын) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға белгіленген мөлшерлемесі бойынша ұстау қажет, есептілік айдан кейінгі айдың 25-іне дейін аудару, және оларды тиісті кезеңнің 200.00 салық есептілігі нысанында көрсету қажет. 
Тиісті өзгерістер мен толықтырулар салық есептілік нысандарына енгізілген. Осылайша, 911.00 есептілік нысанында өзгерістер енгізілген, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты. Аталған өзгерістер «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Каржы министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 579 бұйрығымен енгізілген.
Сонымен қатар, мемлекетпен жарналар төленетін болғандықтан, дара кәсіпкерлердің жарналарын төлеуден босатылатын тұлғалар тізбесі Заңмен белгіленгенің хабарлаймыз.
 Осыған байланысты, 2017 жылға патент алған патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, ағымдағы жылдың 1 шілдесін қоса, МӘМС жарналарын 911.00 салық есептілік нысанында көрсетпеген жағдайда, қосымша патент бағасының есептерін тапсыру қажет.