Date of publication: 22.05.2015 12:54
Date of changing: 22.05.2015 12:56

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 645 бабына сәйкес, бензинді (авиациялықтан басқа), дизелді отынды, алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын  салық төлеушілер ақша есеп айырысу кезіңде мәліметтерді жіберу функциясы бар бақылау - кассалық машиналарды қолдануға міндетті.    

Аталмыш норма салық төлеушілер мен мемлекеттік органдармен байланысын азайту үшін, сондай-ақ көлеңкелі айналымды төмендетуге еңгізілген. Мемлекттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеріске шықпай ақ серверге келіп түсетін деректерге талдау жүргізе алады және арамы салық төлеушілерді анықтайды, бұл ретте бар бақылау - кассалық машиналардың (БКМ) есептегіштерін айналдыруға мүмкіндіктері болмайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1393 Қаулысымен фискалды деректерге оператор болып «Қазақтелеком» АҚ болып анықталды, оның серверлеріне деректерді қабылдау және кейінгі өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету өрістетілген (орнатылған).

БКМ Техникалық қызмет көрсету орталығынан сатып алынғаннан кейін салық төлеуші «Қазақтелеком» АҚ келісім жасасады, содан соң клиенттік жабдықты (модем) орнату және қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында БКМ тіркеу және тіркеу кәртішкесін алу қажет. Бұдан кейін БКМ «Қазақтелеком» АҚ авторландырудан қажет, және күнделікті жұмыста қолдану керек, деректер сервер арқылы мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.

Мәліметтерді жіберу функциясы бар БКМ қосу сұрақтары бойынша «Қазақтелеком» АҚ жүгіну қажет.

 

МКД ТЖБ