Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «1 маусым-Балаларды қорғау күнін» мерекелеуге орай «Мемлекет», «Бюджет», «Салықтар», «Кеден», «Салықтарды, жинайтын органдар», «Кедендік төлемдер» тақырыптары бойынша қызметкерлердің және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалардың арасында сурет салудан байқау өтті.
Бұл мерекелік шараға 70 аса балалар қатысты. Балалар көркем мектебінің өкілдері мен МКД басшылығынан құрылған комиссия нағыз жеңімпаздарды аңықтады.
Үздік жұмыстар республикалық деңгейде өтетін байқау финалына жолданды.