Date of publication: 11.09.2017 15:37
Date of changing: 11.09.2017 15:39

Жалған ақша жасау мемлекетік ақша – несие жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төңдіреді және еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына айтарлықтай залал келтіреді.   

Ақша купюралар айналымы кезінде абай болу қажеттілігі туралы ескертетін  «Жалған ақшалардан сақтаңыздар!» атты баннерлер Кокшетау қаласының әртүрлі аймақтарында пайда болды.

   Жалған ақша жасау экономикалық істер қатарына жатқызылады және жауапкершілік Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» 231 бабымен қарастырылған. Аталған қылмыстың саралау белгілеріне сәйкес, жаза ретінде мүлкін тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген және ауыр қылмыстар қатарына жатқызылады.

 Күмәнді жалған ақша қаражатын кездестірген сәтте, дереу Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 25-14-88 немесе 25-45-51 телефондары арқылы хабарлауларыңызды өтінеміз.