Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Көлік саласындағы көлеңкелі экономиканы туғызатын себептерді болдырмау» атты тақырырыбында Ақмола облысы бойынша көлік прокуратурасы, облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Көліктік бақылау инспекциясы, Ақмола облысы бойынша административтік полициясы, Көкшетау қаласы бойынша ішкі істер басқармасы және аймақтық кәсіпкерлік палаталарының өкілдері мен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел кезінде қарастырылған кәсіпкерлік қызметтерін тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғалардың бағыттағы (қалалық, облыс аралық және халықаралық бағыттардағы) бақылауды жетілдіру бірлескен іс – шараларын орындау және көрсетілген ведомствалардың, Ақмола облысы аумағандағы заңсыз, тиісті құжаттарсыз адам тасу қызметтерін асыратын тұлғаларды аңықтау және болдырмау үшін бірлескен кешенді шараларды жетілдіру қарастырылып өтті. Бұл бағыттағы белсенді жұмыс жалғасуда.