
Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі бұл бағыт бойынша тұрақты түрде белсенді жұмыстар жүргізулуде
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезіңде, Көкшетау қаласының аумағында жалған есеп-бақылау маркаларымен алкогольдік өнімдерінің көтерме сатушысы аңықталды.
Тергеу әрекет барысында 200 мыңнан астам алкогольдік өнімдерінің бөтелке аңықталып тәркеленді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233 бабының 2 тармағы бойынша (Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бұл қылмыс бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалауды қарастырады.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеуі жүргізілуде.