
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Біріккен бюджеттік сыныптамаларға өзгерістер енгізілуіне байланысты мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері (ОБДШ АЖ) 2015 жылдың 2-7 шілделері аралығында жұмыс істемейді, осыған орай есептік нысандарды беру сервисі (дербес есеп шотты көру, басып шығару, берешектің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама, артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызу немесе қайтару) жұмыс істемейді.