Date of publication: 07.07.2015 12:36
Date of changing: 07.07.2015 12:43

Астана күні қарсанында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ашық есіктер күні өткізілді.

Бұл шараға мемлекеттік органдарының өкілдері, сыртқы-экономикалық қызметінің қатысушылары, кәсіпкерлер, салықтөлеушілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясаты арқасында, республикамызда институционалдық реформалары жүзеге асуда, - деп кіріспе сөзінде  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов атап өтті.

Бүгінгі Астана – қазақстандық мемлекеттіліктің өрістей дамуын, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси және экономикалық орталығын құруды қамтамасыз еткен мемлекеттік саясаттың айқын көрінісі.

Елорданың даму қарқыны әлемнің 30 ең дамыған мемлекетінің қатарына кіру басты мақсатымызға қол жеткізуге бағытталған қазақстандық реформалардың ауқымын, тереңдігін және озық сипатын бейнелейді.

Сапалы мемлекеттік қызметті көрсету – әр мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бизнес және халық үшін көрсетілетін қызметтің көбін үш ведомстваның (Салық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, қаржы полициясының экономикалық тексеру қызметі) қосылу жолымен құрылған Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетеді.

Комитет көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, көрсетілетін қызмет үдерісін оңтайландыру бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.

 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.09.2014 ж. № 420 бұйрығымен бюджеттік сыныптама кодтарын (БСК) қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.

 Нәтижесінде салық және кеден төлемдері бойынша 208 БСК-дан 119 БСК-ға қысқарды немесе 50% көбі, 89 БСК сақталады.

Салықтық төлемдер бойынша 162 БСК-дан 98 БСК-ға қысқарды (60,5%), 64 БСК сақталады.

Кедендік төлемдер бойынша 46 БСК-дан 21 БСК-ға қысқарды (45,7%), 25 БСК сақталады.

БСК қысқаруы негізінен халық және бизнес үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге оң әсер береді, сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру ақпараттық жүйеге жүктемені азайтады. Бұл ретте аталған өзгертулер бюджетке түсетін түсімдерге теріс әсерін тигізбейді.

         Және де, сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларының «Қателерді өз еркі мен мойындау» принципін еңгізу, кедеңдік тексерістердің келуінен бұрын, сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылардың өз еріктері мен жоюы, кедеңдік Заңнамалардың бұзушылығынан әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Еңді мұндай мүмкіндіктер Заң деңгейінде бекітілген.

Сонымен қатар, бизнесті адал және айқын жүргізуге және дамуына жағдайлар жасалуда. Мысалға, үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жоспарлық тексерістер алынып тасталды, электрондық есеп шоттардың жүйесі еңгізілді, бақылау қассалық машиналардың онлайн режимінде ақпараттарды шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерінен тексеріссіз алуға көшу, бүгінгі күні жүргізіліп жатқан ақша мен мүлікті жария ету келе жатқан жалпы кірістер мен шығындардың декларацияландылуы қарсанында ақша мен мүлікті заңдастыру мүмкіндігін береді.

Шара барысында, акцияға қатысушылар Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі мен жақын танысып, өзек жарды сұрақтарға қанағаттарлық жауаптарын алды.