
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы игі дәстүр бойынша Зеренді ауданының Қызыл таң ауылының мектебіне сапармен барып окушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап сыйлыктар табыс етті.
Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев балаларға өз батасын беріп, тамаша оқу, жаңа спорттық және басқа да жетістіктер тіледі.
Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін мен әдет-ғұрыптарын көрсетіп, өлен айтты, ал «Биші Қайың» би тобы қазақ және әлем халықтарының билерін орындады.
Біз мектепке көмектесіп жатырмыз біздің мақсатымыз осы оқушылар өздерінің қала құрбы-құрдастарынан қалыс қалдырмау – дейді Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Әділбек Жамбыл – қазіргі танда мектеп компьютерлік техникамен жабдықталған және интернет бар.
Мереке қарсаңында кіші сынып оқушылар арасында шахмат жарыстары өткізіліп ұлдар арасында 4 сынып окушысы Буталкан Ерназ, ал қыздар арасында 3 сынып окушысы Әубәкірова Жанел жеңімпаздар болды
Жоғарғы сынып оқушыларының арасында волейбол, гір көтеру және армрестлинг бойынша жарыстар өткізілді.
Атап айтсақ ауыл мектебінде өзін іске асыруға барлық жағдайлар жасалғаның атап өткен жөн: би студиясы, халық инструменттерінің оркестрі, бокс, шахмат, волейболдың және спорттын басқа да түрлерінің үйірмелері бар.
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!




