Date of publication: 28.07.2015 12:31
Date of changing: 28.07.2015 12:34

Көкшетау қаласының  «Алтын бала» бала бақшасында, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Салық төлегісі келмеген сараң Хасан туралы ертегі» кітабын таныстырды.

Таныстыра келе, «салықтық мәдениет балалық шақта қалыптасады, сондықтан біз өскелен  ұрпақ пен жұмыс жасауға көніл бөлеміз» - деп, Департаменттін мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова атап өтті.

Таңыстыру кезіңде болашақ 18 салық төлеушінің әр қайсына бір данадан ертегі кітабы табыс етілді. Мектепке дейінгі мекеменің директоры Гүлжан Ержанова айтқандай – жаңа мемлекеттік органның үлкен назары балаларға бөлінуі қуантарлық, себебі  осы балалық шақта баланың сана сезімі дамып, тұлға ретінде қалыптасады және тәртіптік әдет нормалары қонатын кездері.

Аумақтың бірінші сынып оқушылары Бірінші қоңырау мереке қарсанында Мемлекеттік кірістер департаментінен «Салық дегеніміз не және оның қажеттілігі» атты кітабын алатының атап өткен жөн.

 

/Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі/

Суретте: Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ельнар Қазбеков және Динара Ешимтаева.