Date of publication: 03.04.2018 17:31
Date of changing: 03.04.2018 17:31

Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді жұмысына зор назар аударады, себебі отандық өндірушілердің қызметін дамыту мен кеңейту еліміздің дамуының кепілі болып табылады.

Осыған байланысты, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бизнес-құрылымдардың өкілдерімен тығыз байланысты қамтамасыз етудің жаңа шараларын әзірлеу үшін және бизнес-қоғамдастықта жемқорлықты қабылдамаушылық ұстанымын қалыптастыру және олардың жауапкершілігі деңгейін арттыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, бизнесті танымалдандыру, әкімшілік бөгеттерді төмендету және бизнес климатты жақсарту мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының аланында Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Департаменті және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментімен бірлесіп жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қалалық кәсіпкерлер форумын өткізді.

Форумның жұмысына аталған мемлекеттік органдардың басшылары, уәкілетті органдардың өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтық ұйымдар мен қауымдастықтардың басшылары қатысты.