Date of publication: 29.06.2018 18:31
Date of changing: 02.07.2018 10:34

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі  қарсаңында маңызды оқиға болды В.В. Косянюк атындағы сыйлықтары табыс етілді.

Шарада Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева мен Елена Косянюк қатысты.

«Адам хикаясы»  номинациясында «Акмолинская правда» газетінің тілшілері Алена Ерина және Нина Митчинова ие болды, «Үздік медиасылтау»  номинация бойынша  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі Нұрлан Ыскаков  мен  Дене шыңықтыру и  және спорт басқармамасының  баспасөз хатшысы Махаббат Большина марапатталды.

«Шеберлік және кәсіпкерлік үшін» номинация бойынша  Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау Мемлекеттік университеті  математика кафедрасының  профессоры Тұрсынбек Маликов және «Бурабай»   газетінің редакторы Болат Рақышев ие болды.

В.В. Косянюк  өзінің барлық өмірін бір кәсіпке және мамандыққа  арнаған – дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі Нұрлан Ыскаков - Ол кісі «Казахстан Журналистикасы» энциклопедиясына еңгізген аймақтағы жалғыз журналист еді.

Көп жылдар бойы «Акмолинская правда» газеті және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  арасында тығыз қарым қатынас жасалуда.

Журналистердің жас ұрпақтары одан қазақстандық  патриотизмге және  жұмысқа жан-тәнімен берілуіне үйрену керек.