
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады деп айтады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.
Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жас қызметкерлерімен кездеседі.
Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Шаймерденов шара қатысушыларын Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының төрағасын Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев және басқа да салық органдарының ардагерлермен таңыстырды.
Қонақтар жас қызметкерлерге салық қызметінің қалыптасу тарихы туралы атап өтті, сондай-ақ олардың жұмыс естеліктерімен бөлісті.
Кездесу соңында ардагерлер жас қызметкерлерге адалдық пен табысты еңбек тіледі, және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері таңдаған жолдан бас тартпауға шақырды.
Осындай кездесулердің маңыздылығы ардагерлер мен жастардың жүздеріндегі күлімсіректерден түсінікті болды.
Шара барысында мемлекеттік кірістер органдардың қызметкерлері мен ардагерлері Кеңес одағының батыры Мәлик Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Естілік фотосуреттер түсірілді.