Date of publication: 25.07.2018 10:43
Date of changing: 25.07.2018 12:04

3.0 Жаңғырту, «Салық жинауды арттыру» жобасының аясында құқық қорғау, салық және кеден қызметінің қызметкерлері санынан «Fusion Center» жұмыс тобы құрылды.

Осы топқа кіретін қызметкерлер бақылау қаржы комитетімен іс-әрекет жасап, кедендік, салықтық, құқық қорғау органдарының информациалық базасына қатынайтын арнайы компьютерлік техникамен жабдыктырылған.

  Құрылған топ жұмысының бағыты:

  • жаңғырық әсер, құқық бұзушылықты анықтау
  • әр-түрлі экономика алаңдарында елеүлі зиян бұзушылық схемаларын анықтау
  • мемлекетке зиянды өтеу жұмысын тиімді арттыру
  • сонымен қатар бюджетке түсетін салықтарды ұлғайту.

Айтылған топтың жұмысы экономиканың әр-түрлі секторларында едәуір зарар тигізетін қылмыстық схемаларды анықтау болып табылады.  Ақпараттық базаларға тікелей қол жеткізудің арқасында жұмыс кәсіпкерлік іс-әрекетке араласпай-ақ  жүзүге асырылады.

Қазіргі таңда «Fusion Center» тобымен анықталған 8 қылмыс бойынша дәлелдемелер жинау жұмыстары жүргізілуде.

Солай, біздің қаламыздың санасыз тұрғыны Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің  борышы әрі міндеті екендігін біле тұра, салық төлеуден жалтару және бюджеттік қаражатты жымқыру мақсатында қылмыстық топ ұйымдастырған.

  Сол үшін ЖШС-ті сатып алып, өзінің ісі мен әрекеті заңға қайшы келетіндігін біле тұра, оны бір неше рет әр түрлі адамдардың атына тіркеген, құрушылар мен басшыларын ауыстыра берген.

Сонымен қатар, 4 жылдан астам іс-әрекеті аралығында мемлекеттік сатып алу аясында, ЖШС-ке 2 млрд тенге бюджеттік қаражат аударылған, оның ішінен тек 25 млн. теңге салық төленген. Казіргі таңда сол топты ұйымдастырушы 280 млн теңгені салықтан жалтарғаны үшін қамауға алынды.

Іске кірістірген объектілер бойыша, жобалау-сметалық құжаттамалар мен орындалған жұмыстар актілерінде үйлесімсіздік орын алып отыр. Казіргі таңда сараптама жүргізілуде.

Бұдан басқа, 400 млн. теңгеден астам соммасына келісімдерді жалған деп танылуы үшін сотқа 6 талап, және де бір талап кәсіпкерлік іс-әрекет мақсатында емес құрылған ЖШС-тің мемлекеттік тіркеуін жою жөнінде жіберілген.

   Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу қызметінің жұмысы мемлекеттік мүдделерін қорғау үшін бағытталған. Заңдылықтың бұзылуын анықтау, құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін  «Fusion Center»  жұмыс тобының іс-әрекеті үлкен септігін тигізеді.

Саукомбеков С.М.

Ақмола облысы бойынша

 МКД басшының орынбасары