
Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басты бағыттарының бірі салық және басқада міндетті төлемдер түсімдерін ұлғайту болып табылады.
Осыған орай Ақмола облысы әкімі бекіткен Жоспарының негізінде, көлік құралдарына салық төлеуден жалтарған борышкерлерді анықтау бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Ақмола облысының Әділет департаменті және Ақмола облысы бойынша әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері біріккен рейдтік іс – шаралар жүргізуде. Берілген шаралар аясында, көлік құралдарына салық төленбеген авто көліктерін соттын шығарған Бұйрығына сәйкес айыппұл тұрақтарына орналастырылатын болады. Статистика деректеріне сәйкес, ағымдағы жылда 3357 авто авто көлік құралдары тоқтатылып, 1101 салық төлеушілер бойынша 18 млн 800 мың. тенге берешектері анықталды, оның 12 млн 899 мың. тенгесі бюджетке өңдіріп алынды.
Салық төлеушілердің назарына көлік құралдарына төленетін салық бойынша өткен жылдардағы міндеттемелерді уақытында және толық көлемде орындау керектігін және ағымдағы жылдың көлік құралдарына салықты 31 желтоқсаннан кешіктірмей төленуі тиіс екенің жеткізеді.
Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ельнар Қазбековтың айтуынша – «Борышкерлерге қатысты Заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп өңдіріп алу шаралары қолданылатын болады, олардың бірі ҚР аумағынан шығуға шектеу салу».
Дәл осындай шаралар Ақмола облысының бүкіл аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен жүргізілуде.