
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығын төлеушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде электронды түрде шот-фактура жазып беруге міндетті.
Жоғарыда айтылған негізінде барлық қосылған құн салығын төлеушілер электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде тіркелуі қажет.
Салық төлеушілердің ыңғайлығы үшін Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында «Салықтөлеуші» терминалында Сіз айтылған жүйеде тіркелуіңізге болады.
Электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде тіркелу үшін алдын-ала «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан электрондық кілт алу қажет (жеке қәсіпкер үшін бір кілт; заңды тұлға үшін 2 кілт: біреуі басшысына, біреуі заңды тұлғаға), сондай-ақ тіркелу үшін заңды құжаттары қажет.
Управление государственных доходов по г. Кокшетау