
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2018 жылғы 1 қарашадағы шешіміне сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда теміржол және автомобиль көлік түрімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың әкелу нормасы 1500 еуродан 500 еуроға және 50 кг 25 кг төмендейді.
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кез Қазақстан Республикасынана әкелуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда кез келген тауарларды өткізе алады.
Сонымен, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құн немесе салмақ нормалары асқан жағдайда кедендік құнының 30 %, бірақ олардың салмағының 1 килограммы үшін 4 евродан кем емес ставка бойынша кедендік төлемдерді мен салықтарды жүргізіледі.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың ресімдеу кезінде кеден органының маманы кедендік кіріс ордерін немесе жолаушылар декларациясын толтырады.