
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексіне сәйкес айналым жасау кезінде тауралдары, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) салық Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) салық Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Салық міндеттемесін орындау мақсатында және ӘҚБтК-нің 280-1- бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, жыл басында сайттың үлкен техникалық жүктелуі болғандықтан, ЭШФ АЖ-де WWW.ESF.GOW.KZ сайтында тіркеуден өтуге кеңес береміз.
Салық төлеушілердің ыңғайлығы үшін Көкшетау қаласы бойынша МКБ ғимаратында СТ терминалында Сіз айтылған жүйеде тіркелуіңізге болады. ЭШФ АЖ жүйесінде тіркелу үшін алдын-ала ХҚК орталығынан электрондық кілт алу қажет (ЖК үшін бір кілт; заңды тұлға үшін 2 кілт: біреуі басшысына, біреуі заңды тұлғаға), сондай-ақ тіркелу үшін заңды құжаттары қажет.
Аталмыш талаптар бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар көзделген.
Осылайша, электрондық шот-фактураның бірінші рет жазып бермеген үшін (бір жылдың ішінде) салық төлеушін ескерту күтеді.
Бұл жағдай (бір жылдың ішінде) қайталау кезінде айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санаттысына байланысты болады.
шағын бизнес субъектілеріне - 40 АЕК;
орта бизнес субъектілеріне - 100 АЕК;
ірі бизнес субъектілеріне - 150 АЕК.
Соңдай-ақ кеңес алу үшін М.Горький көшесі, 21а уй мекен-жайы бойынша орналасқан Ақмола бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 302 кабинетіне хабарласа аласыз, жұмыс телефондары 72-11-85.