Date of publication: 29.11.2018 09:23
Date of changing: 29.11.2018 09:23

      Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» IX облыстық спартакиадасының оқпен ату бойынша жарыс өтті.

Ойындар нәтижесінде бірінші орында жер қатынастар басқармасының уәкілдері, екінші орында облыстық қаржы басқармасының командасы, ал үшінші орында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері.

           Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.

Жарыстар көңілді және үлкен тартыспен  өтуде. Жанкүйер ретінде қызметкерлерінің әріптестері мен ведомстволардың басшылары келді, олар қатысушылардың жеңістеріне шын жүректен қуанды.

Жеке есепте үшінші орынға тарифтік реттеу бөлімінің бас маманы Жәмиля Кушкенова ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!