Date of publication: 07.12.2018 20:14
Date of changing: 07.12.2018 20:14

Көкшетау қаласында мемлекеттік кірістер департаментінің спортзалында Ольга Василевскаяны еске алу құрметіне волейболдан турнир өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы Ақмола облысының  түзету жүйесінің департаменті болды.

Бұл дәстүрге айналған іс-шара әділет лейтенанты Ольга Василевская қызметтік борышын орындау кезінде қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқаны он жылдығына орайластырылды.

Шақырылған қонақтар ретінде турнирде Ольга Василевскаяның анасы, ағасы, атасы, апасы мен қарындасы қатысты.

Шабытпен өткен ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері жеңіске қол жеткізді, екінші орында Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің қызметкерлері, ал үшінші орынға №5510 әскери бөлімінің командасы иеленді.

Ольга Валерьевна бітірген Көкшетау қаласының № 14  орта мектебінің волейболдан қыздар командасы жоғары деңгейдегі  дайындығы мен бірлігін көрсетіп диплом және арнайы кубокпен марапатталды.

Түзету жүйесі департаментінің командасы «Бірлігі жарасқан командасы» атығына ие болды.

 Ақмола облысының  түзету жүйесі департаментінің ЕЦ- 166/23 мекемесінің бастығының орынбасары Нұрлан Әлібеков жеңімпаздарға кубоктар, медалдар мен жүлделерді табыс етті.

Уақыт зымырап өтуде бірақ батырлықтын  үлгісімен өнегісі біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады.
Олар біздің жас ұрпақты  патриоттық сезімде  тәрбиелеуде  өз үлестерін  қосуда.