Date of publication: 20.12.2018 12:12
Date of changing: 20.12.2018 12:13
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаныңда Қаржы министрі Әлихан Смайылов ведомствоның үздік қызметкерлеріне
 марапаттар табыс етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық 
қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы "Құрмет" орденімен 
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев марапатталды.