Date of publication: 25.12.2018 10:03
Date of changing: 25.12.2018 10:26

 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметті ашық сауда базарларының (патент бойынша жұмыс істейтіндерден басқа) аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды

  Ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн БКМ) қолдану міндеті келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылатынын ескертеді:

 

2015 жылдың 1-ші шіледсінен бастап:

  • бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді,

 

2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап:

  1. Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату,
  2. Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату,
  3. Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату,
  4. Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату,
  5. Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату,
  6. Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек- жарақтарды бөлшек саудада сату,
  7. Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы,
  8. Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер,
  9. Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет,
  10. Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы,

 

2018 жылдың 1-ші қазанынан бастап:

  1. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату,
  2. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу,
  3. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату,
  4. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату,
  5. Сусындарды көтерме саудада сату,
  6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату,
  7. Тоқыма бұйымдарын сату,
  8. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату,
  9. Киімдерді сату,
  10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату,
  11. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату,
  12. Ломбард қызметі,
  13. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі,
  14. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару,
  15. Жарнама агенттіктерінің қызметі,
  16. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі,
  17. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі.

 

Онлайн ККМ қолдану үшін көшу тәртібі келесідей:

1) Қызмет көрсету орталығында деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын сатып алу,

2) Фискалды деректердің операторының веб-ресурсы порталынан - www.oofd.kz келісімді алып, шығарып, қол қойып, мөрмен растау,

3) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті тапсырып, пайдаланатын жері бойынша мемлекеттік кірістер органынан тіркеу карточкасын алу,

4) БКМ тіркелгеннен кейін, порталда БКМ ID және токен алып, авторизациялау қажет.

 

  Онлайн БКМ мемлекеттік кірістер органында уақытылы тіркеу есебіне қойылмағаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 284-бабымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.