Date of publication: 22.02.2019 11:59
Date of changing: 27.02.2019 18:13
Қазіргі кезде  ақпараттық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енеді.

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Блокчейн технологиясы және қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланумен ҚҚС әкімшілендіру механизмін енгізу мәселелері  бойынша семинар өткізді.

Семинар тұрғындардың кең ауқымына, атап айтқанда, ірі салық төлеушілеріне, шағын және орта бизнес өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және басқа да ұйымдар үшін арнайы ұйымдастырылды. Осы семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер Комитеттің қызметкерлері, ЭШФ АҚ, «1С Рейтинг» ЖШС, ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдері, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының салық төлеушілері қатысты.

Семинарды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев ашты.

Модератор семинардың бағдарламасы және семинарға қатысушылар - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды қызметкерлері, ЭШФ АҚ, «1С Рейтинг» ЖШС, ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерімен  таныстырды.  

Одан кейін ҚР ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Маткулова «ҚҚС бақылау шотын пайдаланумен ҚҚС енгізу ерекшеліктері» тақырыбына сөз сөйледі. Ол салық төлеушілерге ҚҚС әкімшілендірудің жаңа әдістерімен және BLOCKCHAIN ҚҚС АЖ жұмысының сценариймен тыңғылықты таныстырды.

 «Open System Development» ЖШС бас талдаушысы  Ирина Михеева «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесі және «Виртуалды қойма» қызметі оның ішінде, салық төлеушілер ҚҚС бақылау шотын пайдаланғанда тауарларды есепке алуға қатысты айтып берді.

Салық төлеушілерге «Виртуалды қойма» электрондық жүйесі жұмысы туралы бейне ролик  көрсетілді.

Бұдан кейін бағдарлама бойынша «1С -Рейтинг» ЖШС сарапшысы  Виктория Гусева «Салық төлеушінің  (1С: Бухгалтерия 8 Қазақстан үшін)  есеп жүйесінде ҚҚС  бақылау шотында операцияларды ресімдеу» тақырыбы бойынша сөз алды.

ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы офисінің үйлестірушісі Үмітгүл  Губашева тауарларды электрондық кедендік декларациялау және «АСТАНА-1» АЖ-не мәліметтерді беру тәртібіне жан-жақты тоқталды.  Бастапқы «АСТАНА-1» АЖ жұмысы туралы айтты, сондай-ақ, осы бағдарламаның сыртқы экономикалық қызметке қатысушалар, сондай-ақ, кедендік операциялармен айналысатын тұлғалар үшін де тиімді екендігін баса айтты.

Семинар барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

 Семинар туралы бейнесюжетті  «Ko`kshe»  телерадиокомпаниясының сайтында жаңалықтар блогында  сілтемесі бойынша көре аласыз http://kokshetautv.kz/kz/news/society/salyk-zhinau-zhuiesinde-blokchein-tehnologiyasy-koldanyluda?fbclid=IwAR2yldDh7LaGdAIot_u6AJKHmROaMt0wpGJ1MCpJogd6Ownnl-GpyVSM_KA.