Date of publication: 10.04.2019 09:23
Date of changing: 10.04.2019 09:24

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің №920 қаулысына сәйкес экономикалық және қаржылық қылмыстарды және құқықбұзушылықтарды ескерту, анықтау, алдын алу, анықтау және тергеу функциялары ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетіне берілді.

Қазақстанның барлық аумақтарында Экономикалық тергеу департаменттері құрылды және оның құрамында ЭТҚ қызметкерлері жұмыс атқарады. ЭТҚ қызметкерлерінің және органның басшы құрамының, Қазақстан Республикасы Президентімен тізімі бекітілетін жоғары басшылық құрамы лауазымдарын, жоғары біліктілік класстарын енгізу қарастыратын, мәртебесін көтеру жоспарлануда.

Сонымен қатар ЭТҚ мемлекетке залал келтіретін тәуекел кәсіпорындарды қашықтықтан мониторингі жүргізу және заңға қайшы әрекеттерін уақытылы алдын алу мақсатында ақпараттық жүйелерді пайдалануға мүмкіншілік беретін заң, сондай ақ адал кәсіпорындарды қылмыстық процесске тартпау мәселесі бойынша ЭТҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдау жоспары туралы хабарланған болатын. 

Қайта құрылған Экономикалық тергеу департаментінің жұмысы бірінші кезекте экономикалық және қаржылық құқықбұзушылықтарды профилактикалау және ескертуге бағытталатын болады.

Ақмола облысы бойынша ЭТД орналасқан мекен жайы: Көкшетау қ. Пушкин к-сі 21.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде «сенім» телефонының тәуліксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған:   8(7162)25-62-84.

Аталған номер бойынша экономика және қаржы саласында заңға қайшы әрекеттерге және бұзушылықтарға байланысты, сондай ақ Ақмола облысы бойынша ЭТД қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері туралы кез-келген хабарламалар қабылданады.