
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бақылау-касса машиналарын пайдалану бойынша діни бірлестіктерінің басшыларымен кездесу өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Назгүл Аюпова бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі.
Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан: жеке тұлғала; адвокаттар мен медиаторлар; қызметін патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; бірыңғай жер салығын төлеуге негізделген арнаулы салық режимі бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі; екінші деңгейдегі банктер босатылады.
Өткізілген іс-шара барысында Түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина қатысушылардан түскен сұрақтарға толық жауап берді.