Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Түбіртекті талап ет – жүлдеге ие бол» акциясының қорытындысы жарияланды.
Аталған шараға мектеп оқушылары мен аудан жұртшылығы белсенді қатысты. Акцияның жеңімпаздары ұтыс ойынында кездейсоқ таңдау арқылы анықталды. Целиноград ауданының атынан бірінші кезеңде 21 қатысушы іріктеліп, соның 8-іне екінші кезеңде Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің атынан Алғыс хаттар табысталды. Екінші кезең бойынша жеңімпаз атанған салық төлеуші Ерлан Әлімғазиев бағалы жүлде ұтып алып, бас жүлде – автомобиль ойнатылатын республикалық акцияның қатысушысы атанды.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» бейнеконференция нысанында акциясының қорытынды ұтысы өткізілді.
Басты сыйлық - Chevrolet маркалы автомобилінің иегері Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Әлібек Мусин болды.
Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Анаш Жантеміров акцияның барлық қатысушыларына, қосымша ынталандыру ісінде қолдау білдірген Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев, аудандық мәслихат депутаты Александра Бутакова, «Бірлік» ЖШС-нің басшысы Виталий Руф, «НОРЭКС» ЖШС-нің басшысы Берікхан Амановқа алғыс білдіріп өтті.