
Көлік құралына салығын есептеу үшін kgd.gov.kz Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің сайтына кіріп бұдан әрі БАРЛЫҚ СЕРВИСТЕР бөлімінде КАЛЬКУЛЯТОР – қосымшасына өтіңіз содан кейін көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы.
Бұдан әрі салықты есептеу жылын есептеу жылындағы айлар санын, салық салу объектісінің түрін (жеңіл автомобильдер, мотоцикл, трактор және т.б.) , қозғалтқыш көлемі мәндерінің аралығы (текше сантиметр), қозғалтқыш көлемін толтыру қажет
Содан кейін есептеуді басу.
https://kgd.gov.kz/ru/calc/transports құралының сілтемесі.
Көлік құралына салығын есептеу кезінде өсімпұлы автоматты түрде есептелетіндігін атап өткен жөн.
Тексеру үшін смартфондар, планшеттер және т.б. интернетке косылуы бар құралдарды қолдануға болады.
ҚР Салық кодексінің 490 бабының 3 тармағының 5,6 тармақшаларына сәйкес, мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;
- меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.
Барлық мемлекеттік қызметтер алу мәселелері бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Қоңырау шалу барлық қазақстандық операторларға тегін.