
Акмола облысының өңірліқ коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіндегі әкімшілендіру жаңалықтары туралы» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.
Іс-шараны аша отырып Акмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Владислав Гальт сауданың процедураларын жеңілдетудің удың басым бағыттарының бірі – кедендік ресімдерді барынша автоматтандыру болып табылады деп атап өтті.
Бұл жерде тауарларды электрондық құжаттарды қолдана отырып, электрондық декларациялау туралы айтылуда.
Осы мақсаттарда Қазақстанда әлемнің 95 елінде қолданылатын ASYCUDA World платформасында әзірленген «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі ендірілді.
Кедендік процедураларды жеңілдету және тездету, кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алудың тиімділігін көтеру, экспорттық-импорттық операциялар үшін Бірыңғай терезені іске асыру үшін сенімді негіз құру негізгі мақсат болып табылады.
«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі көп функциональды және кешенді жүйе болып табылатынын ескере отырып, оны енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылды.
2017 жылғы 1 қазаннан бастап «Кедендік транзит» кіші жүйесі іске қосылды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі іске қосылды.
2018 жылғы 1 сәуірден бастап қалған кедендік рәсімдер бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі іске қосылды.
«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі бірер артықшылықтары бар, оның ішінде алдын ала ақпаратты ұсыну мезетінен бастап транзитті ресімдеу, тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтаудан бастап, тауарларды шығарғаннан кейін бақылауға дейін бүкіл кедендік процесске автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі.
АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі еңгізгеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауға және тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне жұмсалатын уақыт қысқартылды.
Бұл жағдай босату сәтіне дейін тауарларды уақытша сақтау қоймаларында болу уақытына әсер етті, бұл кәсіпкерлерге тауарларды сақтауға арналған қаржы шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.
Егер бұрын тауарлар уақытша сақтау қоймаларында 2 күнге дейін сақталса, қазіргі танда тауарлардың сақтау қоймаларында болу ұзақтығы бір күннен аз уақытқа дейін азайды.
Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын осыған ұқсас экспорттық рәсімдеріне 45 минут кететін және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жеке кеден органына келуі қажет болатын.
Ағымдағы жылдың 5 айында әр түрлі кеденді режимдерінде 4,5 мың декларация рәсімделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 % артық,
Демалысқа және шетелге шығу науқаны басталады, осыған орай баяндаушы тауарларды және ақша қаражатын бажсыз әкелуінің мөлшерлері туралы жеткізді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің жаңа нормалары күшіне енді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін («жедел тасымалдаушылар») жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары күнтізбелік 1 айдың кезеңінде бір жеке тұлғаның атына 500 еуроны және 31 килограмды құрайтын болады.
Белгіленген нормадан асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 30 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.
Мысалы, бағасы 600 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілімі жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 30%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 30%-дық) немесе жіберілімінің құны 500 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баждармен салынады.
«Виртуалдық қойма» модулі туралы қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің басшысы Алмат Тасболатов баяндады.
«Виртуалдық қойма» модулі (бұдан әрі – ВҚ) электрондық шот фактура ақпараттық жүйесі тауар есебін жүйелеу, қалдықтарды автоматты есептеу және импорттық тауарларды орналастырудың бизнес үдерісін автоматтандыру мақсатында құрылған.
Салық төлеушілердің жеке қоймаларындағы тауарлар туралы ақпарат, сондай-ақ тауарларды тасымалдайтын, виртуалды қоймаға жіберетін және есептен шығаратын
барлық электрондық құжаттар ВҚ ЭШФ АЖ-де сақталады.
Виртуалды қойма модулі тауардың келуін және алынуын, немесе импортқа арналған өтінімді автоматтандырады. Нәтижесінде тандалып алынған өнім, ЭШФ виртуалды қоймасынан шығарылғанда, ТД ақпараты, импортқа арналған өтінім және шығу сертификаты автоматты түрде жүктеледі. Онлайн тәртібінде байланысты сақтау, виртуалды қойма қорларындағы толықтай түсіру және мерзімді түсіру, өнім туралы барлық қажетті ақпаратты сақтау мүмкіндігі бар.
Тауардың шығарылуын бақылау. API-интерфейсі виртуалды қойманы ERP есепке алу жүйелерімен біріктіруге мүмкіндік береді.
ВҚ клиенттеріне қолдау көрсету қызметінің электронды адрес esfsd@mgd.kz
Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Шынар Мусина «Түбіртекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясы туралы баяндама жасады.
Ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.
Акция кезінде Қазаұстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.
Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.
«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.
Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тәркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.
Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.
Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.
Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.
Бүгінгі күнде Ақмола облысында ұтыстың 6 женімпазы бар. Көкшетау қаласы -2, Астрахан ауданы -2, Ерейментау ауданы – 1, Бурабай ауданы – 1. Женімпаздардың ішінде 2 зейнеткер бар.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықтың жүргізілуін қарастыратын Заң күшіне енді.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнім өндірушілер рақымшылық жасауға жатпайды.
Ағымдағы жылдың 1 маусым жағдайы бойынша 29 млн. 258,5 мың теңге 1068 салық төлеушілер және 4 салық төлеуші бойынша 4 млн. 701,2 мың теңге сомасында айыппұл есептен шығарылды және негізгі қарызды өтеудің жалпы сомасы 165 млн. 760 мың теңге құрады.
Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл және Қостанай облыстарының салық төлеушілері рақымшылықтың ең белсенді қатысушылары болып табылады.
Сондай-ақ, жеке тұлғалар үшін алдағы болатын салықтық рақымшылық туралы айтып берді.
Салық төлеушілерге рақымшылық жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, себебі, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын дербес шоттардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, негізгі қарызды төлеу кезінде үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Негізгі борыш сомасын, өсімақы мөлшерін салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшаларындағы жеке шоттан үзінді көшірмені алып анықтай алады.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің фейсбук әлеуметтік желесінде ttps://www.facebook.com/Департамент-государственных-доходов-по-Акмолинской-области-1040878405954260/?ref=ts&fref=ts сілтеме бойынша
және инстаграм https://www.instagram.com/dgd.akmol/ сілтеме бойынша жазылып Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіндегі әкімшілендіру жаңалықтары туралы жаңалықтарды білсеңіздер болады.
Өткізілген іс-шара барысында брифинг қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық жауап қайтарылды.