Date of publication: 18.06.2019 16:10
Date of changing: 18.06.2019 16:12

Көкшетау қаласы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлермен Ресей федерациясынан (Омбы қаласы) Қазақстан аумағына жалпы соммасы  239 мың  226  ресей рубль құрайтын тауар-іліспе құжаттарсыз импортталған тұрмыстық тауарлар тасымалдау фактісі анықталды. 

Жедел бақылау барысында тауарлардың нақты алушысы анықталды. 

Автокөлік құралының жүргізушісі Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 571 бабының 2-1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Заңсыз импорт фактілері бойынша  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жедел штабына (8-7162) 72-12-40, 72-12-44 телефондары арқылы хабарласуға болады.