
Мемлекеттік қызмет беделін арттыру және мемлекеттік басқарудың озық тәжірибені тарату мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы өткізіледі.
Ақмола облысында іріктеу турында 42 мемлекеттік қызметші қатысты.
Атап айтқандай байқаудың қатысушысы 43% –аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері.
Өңірлік деңгейде байқау екі бағалау рәсімдерінен тұрды. Біріншісі - тестілеу, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі оның қорытындысы бойынша 11 үміткер финалға өтті.
Екінші сатысында байқау қатысушылары өздерінің жобалық жұмыстарын табыс етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші кезеңде ең жоғарғы балл жинаған ұш жеңімпаз анықталды.
«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметші» өңірлік байқауының жеңімпаздарын бірі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Дәурен Шағатаев.
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары одан әрі аймақты республикалық деңгейде таныстырады.
Байқауға қатысу мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі дамытуға, тұрақты жетілдіруге, өз білімін деңгейін арттыруға жол ашады.