Date of publication: 19.06.2019 16:36
Date of changing: 19.06.2019 18:07

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысуда. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бүгінгі таңда ең белсенді қатысушылардың ішінде  Ақмола облысының тұрғындары олар 6 айфон ұтып алды. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын сауда орталықтарында, базарларда, супермаркеттерде теледидарда, әлеуметтік желілерінде белсенді түрде жүргізуде.

Біздің өңірде акцияға егде жастағы адамдар  белсенді қатысқаны бізді өте қуантады  Астрахан ауданынан Любовь Ивановна Вольская және Бурабай ауданынан Қабдолла Қәкішұлы Сәрсекеев зейнеткерлер  жетінші моделді  айфон акцияның сыйлығына ие болды – дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина -  өз жасына қарамай олар техникалық жаңалықтарынан қалмай смартфонды меңгеріп, енді өз үлгісімен жас ұрпаққа жол көрсетуде.

Әрине, олардың белсенді азаматтық ұстанымы бақылау-кассалық аппаратын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыруға сонымен қатар  азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеді.

Науқан кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады.

 Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.