Date of publication: 23.01.2016 21:59
Date of changing: 23.01.2016 22:00

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ақмола облысы Гранитный поселогында орналасқан, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЕЦ- 166/25 мекемесінде  мемлекеттік қызметкерлерге жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларациясын (230.00 нысаны) тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялаумен және мемлекеттік мекемелерде семинарлар өткізу бойынша жүзеге асуда.

Шара барысында қойылған сұрақтарға қанағаттандырлықтай түсіндірме беріліп және  декларация толтыру жөнінде әдістемелік нұсқау берілді.

ЕЦ 166/25 мекемесі бастығының орынбасары Бауыржан Исабековтың айтуынша, -  «Берілген семинар мекеме қызметкерлеріне берер пайдасы жетерлік, себебі  олар декларацияның жұмыс уақытында қызметтерін үзбей тәжірибеде толтыруын үйренді».

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ельнар Қазбековтың айтуынша, - «Көрсетілген декларацияны ғаламторға кіру мүмкіндігі бар барлық компьютерден, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.  Декларацияны әдейі тапсырмау, толық емес немесе дұрыс емес мәліметті көрсету, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 274 бабында көзделген айыппұл салыну түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуға әкеліп соқтырады».

Осындай сыңды шаралар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық басқармаларымен құқық қорғау және мемлекеттік органдарда жүргізілуде.