Date of publication: 24.06.2019 16:04
Date of changing: 24.06.2019 16:06

       Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде

«Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерін талдау» тақырыбында семинар өтті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын іс-әрекеттерді жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау  мақсатында Департаментінің бас маманы  Сәуле Құдабаева мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерінің талдауымен таныстырды.

Талдау нәтижелері бойынша жекелеген проблемалық аймақтар анықталды, олардың болуы лауазымды адамдарға заңсыз іс-әрекеттері жасауға мүмкіндік береді.

Олардың ішінде жеке процестердің автоматтандыру болмауы, ақпараттық жүйелерінің кемшіліктері, соның ішінде, ақпараттық қауіпсіздігі бойынша, кадрлық сапалық құрамы және бақылау жүйесінің мәселелеріне байланысты.

Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жол бермеу мақсатында  ұсынылды:

сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық жол бермеу үшін

кешенді шаралар қабылдауға  сондай-ақ, бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру тапсырылған;

қарамағындағы лауазымды адамдарға ведомстволық бақылауды күшейту;

Барлық лауазымды тұлғалардың әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша дербес бақылауда қажетті шараларды қабылдауға, сондай-ақ еңбек пен орындаушылық тәртіпті сақтау.