
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков ұжымның атынан департамент басшының орынбасары Бауыржан Шәйкеновты мерейтойымен құттықтады.
Жұмыста үлкен табыстар тілей отырып оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны және мінсіз мемлекеттік қызмет үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің құрмет грамотасын табыс етті.
Шара барысында естелік фотосуреттер түсірілді.
Құрметті Бауыржан Мергенбайұлы!
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Сізді 50 жылдық мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сіздің бар саналы өміріңіз Тәуелсіз Қазақстанның гүлденіп дамуымен тығыз байланысты. 27 жылдан астам уақыт еңбек жолаңызды еліміздің нығайып көркейуіне арнадыңыз және ел экономикасының өрлеуіне салмақты үлес қостыңыз.
Өмірдегі белсенді тұжырымдамаңыз, қайырымдылығыңыз бен кішіпейілдігіңіз, қажырлы еңбегіңіз Сізді әріптестеріңіздің сый – құрметіне бөледі.
Сізге және туыстарыңызбен жақындарынызға бақыт, денсаулық, барлық бастауларыңызға сәттілік, ел ырысын арттырудағы еңбегіңіз жанып, абырой биігінен көріне беруіңізге тілектеспіз!